Skip to content

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ИНСТИТУТЫ

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Қызмет бағыты

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру: жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін қашықтықтан олимпиадалар.

Жоғары білім:

  • техникалық және кәсіптік білім беру базасында және жоғары білім беру базасында қысқартылған бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқыту;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін қашықтықтан оқыту;
  • студент алмасу бағдарламалары және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс жерлерге барған студенттер үшін қашықтықтан оқыту;
  • университеттің барлық білім беру бағдарламаларындағы күндізгі бөлімдегі студенттерге арналған Moodle ҚОЖ-де веб-қолдау курстары.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистратура пәндері үшін Moodle ҚОЖ жүйесіндегі веб-қолдау курстары.

Корпоративтік оқу бағдарламалары және қашықтықтан оқыту біліктілігін арттыру курстары: университет қызметкерлерін, қалалық және аудандық мектептердің мұғалімдерін, қала, облыс, республика кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерін оқыту.