Артқа
«Күміс университеті» жобасы бойынша курстар
13.06.2025
2025 жылдың 13 маусымында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет базасында 50 жастан асқан азаматтарға арналған «Күміс университеті» аясында шығармашылық жұмыстарының көрмесі мен сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді.
«Декоративті қолданбалы өнер», «Шығармашылық палитра» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тыңдаушылар курс мазмұнын жоғары бағалап, алынған білім олардың шығармашылық әлеуетінің белсенді дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Жыл сайын өткізілетін және тыңдаушылардың қызығушылығын тудыратын дәстүрлі курстар біздің білім беру бағдарламамыздың маңызды бөлігі болып қала береді.