Skip to content

Қашықтықтан және қосымша білім беру

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Артқа
Біліктілікті арттыру курстары
11.06.2025

2025 жылғы 11 маусымнан бастап 72 сағат көлемінде "Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджменттің заманауи тәсілдер" бағдарламасы бойынша кафедра басшылары мен профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курстары басталды. Оқыту аралас форматта жүргізіледі.

Курстарды бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының жоғары білікті оқытушылары жүргізеді.

Бағдарламаның мақсаты — университет басшыларының басқарушылық құзыреттілігін арттыру, стратегиялық менеджменттің заманауи құралдарын меңгеру, білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында көшбасшылық және дағдарысқа қарсы басқару дағдыларын дамыту.

            Тапсырмалар:

  • Жоғары білім берудегі стратегиялық басқарудың заманауи тәсілдерін зерттеу.
  • Белгісіздік жағдайында стратегиялық ойлау мен шешім қабылдаудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру.
  • Университеттердің дамуына әсер ететін жаһандық үрдістермен таныстыру.
  • Стратегиялық талдау мен жоспарлаудың практикалық құралдарын меңгеру.
  • Көшбасшылық, өзгерістерді басқару және дағдарысқа қарсы әрекет ету дағдыларын дамыту.
  • Білім беру ортасында жобаларды басқару саласындағы құзыреттерді нығайту.
  • Заманауи сын-қатерлер жағдайында университеттерді тиімді басқару үшін стратегиялық менеджмент саласындағы құзыреттерді қалыптастыру.
  • Жоғары оқу орындарын дамыту стратегияларын әзірлеу үшін қазіргі заманғы талдау және жоспарлау әдістерін (SWOT, PEST, BCG матрицасы) зерттеу.
  • Білім беру ұйымдары басшыларының көшбасшылық қасиеттері мен дағдарысты басқару дағдыларын дамыту.
  • Жоғары оқу орындарындағы ресурстар мен процестерді басқарудың тиімділігін арттыру үшін операциялық менеджмент құралдарын игеру.
  • Халықаралық рейтингтер мен тиімділік индикаторларын қоса алғанда, жоғары білім берудегі жаһандық трендтерді талдау.
  • Алынған білімді кейстер, топтық жұмыс және жобалық тапсырмалар арқылы алған білімдерін іс жүзінде қолдану.

Курс аяқталғаннан кейін біліктілікті арттыру курсын сәтті меңгерген тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификаттарға ие болады.