Skip to content

Қосымша білім беру

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Соц.сети
Артқа
«Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджменттің заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттыру курсы
24.10.2025

2025 жылдың 15–24 қазаны аралығында құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен кафедра меңгерушілері үшін «Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджменттің заманауи тәсілдері» тақырыбында көлемі 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.

Бағдарламаның жетекшілері / Курстың лекторлары:

  1. Байжанова Лилия Абдул-Насырқызы – бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының магистрі;
  2. Дамбаулова Гүлмира Каримжанқызы – бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты.

Курстың мақсаты:

  • Университет басшыларының басқарушылық құзыреттілігін арттыру;
  • Стратегиялық менеджменттің заманауи құралдарын меңгеру;
  • Білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында көшбасшылық және дағдарыс жағдайындағы басқару дағдыларын дамыту.

Тыңдаушылар тізімі:

  1. Зуева Татьяна Владимировна – инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісінің міндетін атқарушы;
  2. Коваль Виктория Владимировна – академиялық сапаны қамтамасыз ету бөлімінің басшысының міндетін атқарушы;
  3. Құрманғалиева Махаббат Магауияқызы – білім беру бағдарламалары және әдістеме бөлімі басшысының міндетін атқарушы;
  4. Монгилёва Наталья Викторовна – шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы.